.
Атырау қаласында еріктілер мен экобелсенділерінің бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жалпы қалалық сенбілік жергілікті өнерпаздардың концертімен басталды.
5 мыңға жуық қала тұрғыны таңғы сағат 8:00-де Сұлтан Бейбарыс алаңына жиналып, көңілді концерттік бағдарламаны тамашалады. Кейін экоакцияға қатысушылар автобустармен қала бойынша белгіленген Жайық жағалауындағы 14 учаскеге жеткізілді. Іс-шара қаланы абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.