«Таза Қазақстан»: Мың заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды

Биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында полигоннан тыс жерге жиылған мыңнан астам үйінді мен 159 мың әкімшілік құқық бұзу дерегі анықталды. Іс-шараға 1 мыңдай полиция қызметкері жұмылдырылған. 

Жалпы, экологиялық акция басталғалы 1 жыл ішінде 1800 заңсыз полигон табылды. Сондай-ақ тазалыққа немқұрайлы қарап, көшеге қоқыс шашқан 441 мың адам айыппұл төлеген. 

Ішкі істер министрлігі азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға, рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастамауға және тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT