.
Елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдықтар жиналып қалады, ал оларды қайта өңдеу деңгейі 2024 жылы 25,8%-ды құрады. Бұл көрсеткішті арттыру үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және қайта өңдеу үшін заманауи инфрақұрылым құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
♻️ Былтыр өңірлерде қайта өңдеуге арналған бонустар ұсынатын экобокстар мен фандоматтар сияқты инновациялық шешімдер енгізілуде. Маусым айында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің пилоттық жобасы аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде 1 мыңнан астам экобокс орнатылды. Осылайша, ҚТҚ утилизациялау көлемін азайту бойынша өзекті мәселелердің бірі шешілуде.
🔸Сонымен қатар бүгінгі таңда 62 жоба мақұлданды, бұл өңдеу қуатын жылына 1,1 млн тоннаға арттырады. Оның ішінде 52,7 млрд теңгеге 13 жоба қаржыландырылды, ал тағы 21 жоба – 74,5 млрд теңге Кәсіпкерлікті дамыту қорында сараптама сатысында тұр.
📱 @KZgovernment