«Таза Қазақстан»: ауыл тазалығы – ортақ міндет

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бақсай ауылдық округіне қарасты Таңдай ауылында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру. Осы бағытта ауыл көшелері, аулалар және қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Тазалық шарасына ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және белсенді азаматтар белсене қатысып, туған жердің тазалығына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Бірлескен еңбектің нәтижесінде ауыл аумағында тазалық пен тәртіп орнап, қоршаған ортаға деген жауапкершілік нығая түсті.

«Таза Қазақстан» акциясы – тек бір күндік шара емес, ол – әр азаматтың туған жеріне деген жанашырлығы мен экологиялық мәдениетінің көрінісі. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Бақсай ауылдық округі әкімінің аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT