Жуырда қаламызда “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына қала, кент, ауылдық округтер мен ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелер бір адамдай атсалысып, қала көркіне көрік қосты.


Сенбілік Құлсарыға кіреберіс жолдан бастап Басшы ата қауымына дейінгі аумақты қамтыды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше,нәтижесінде жалпы 20 м³ тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға шығарылды.
Таза қаламыз салауатты қоғамның кепілі. Туған қаламыздың көркеюіне мұндай сенбіліктердің маңыздылығы зор. Қаламызда тазалық шаралары тұрақты түрде өткізілуі, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға септігін тигізуде.
Айша Ерденқызы


