Қазақстанда Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 380-ден астам жоба жүзеге асырылуда

.

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» бағыты Қазақстанның 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми дамуының 7 басымдығының қатарына кіргенін хабарлады.

💬 Оның айтуынша осы бағыт бойынша 3 жылдық гранттық қаржыландыру аясында 318 жоба, ал бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 43 бағдарлама іске асырылуда. Сонымен қатар ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру конкурсы аясында жасыл технологияларға қатысты 23 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Мысалы, маңызды жобалардың бірі – «Электр көліктерін зарядтау станцияларын жаңғырту». Бұл жоба аясында республика бойынша 16 зарядтау стансасы орнатылып, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуге келісімшарттар жасады. Жоба электр көліктеріне арналған инфрақұрылымды дамытуға және көміртегі шығарындыларын азайтуға бағытталған.

🔺Тағы бір жоба – «Жасыл» технология стандарттарына сәйкес келетін газ тазарту жабдықтарын енгізу бойынша жаңа өндірісті ұйымдастыру». Жобаның негізгі артықшылығы – өнімділігі жоғары, пайдалану шығындары төмен заманауи газ тазарту жүйелерінің жобасын әзірлеу.

🔸 Сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру шеңберінде бірқатар жоғары оқу орындарында экологиямен байланысты жобалар іске асырылуда. Мысалы, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында кептірілген алма өндіру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ботаникалық бағында қияр, болгар бұрышы және көк шөп жылына екі рет, қызанақ бір рет жиналады. Саясат Нұрбек мұндай жобалар білім беру мен өндірістің байланысын нығайтатынын атап өтті.

В Казахстане реализуется более 380 проектов в рамках инициативы Президента «Таза Қазақстан»

На заседании Правительства министр науки и высшего образования Саясат Нурбек сообщил, что направление «Экология, охрана окружающей среды и рациональное использование природных ресурсов» вошло в число 7 приоритетов научного развития Казахстана на 2025–2027 г.г.

💬 По его словам, по данному направлению реализуется 318 проектов в рамках 3-летнего грантового финансирования, а также 43 программы в рамках программно-целевого финансирования. Кроме того, в рамках конкурса на коммерциализацию научных результатов реализуется 23 проекта, связанных с зелеными технологиями. 

Например, одним из важных проектов является «Модернизация станций зарядки электромобилей на основе внедрения протоколов передачи данных». В рамках этого проекта было установлено 16 зарядных станций по всей стране и заключены контракты на поставку оборудования и программного обеспечения. Проект направлен на развитие инфраструктуры для электромобилей и сокращение выбросов углерода.

🔺Еще один проект – Организация нового производства по внедрению газоочистного оборудования, соответствующего стандартам «Зеленых» технологий. Главным преимуществом проекта является разработка проекта современных систем газоочистки с высокой производительностью и низкими эксплуатационными затратами.

🔸 Также в рамках коммерциализации научных разработок в ряде вузов реализуются проекты, связанные с экологией. Например, в Ботаническом саду Международного казахско-турецкого университета имени Х. А. Ясави реализуется проект по производству сушеных яблок. В ботаническом саду Кызылординского университета им. Коркыт Ата урожай огурцов, болгарского перца и зелени собирают дважды в год, а помидоров — один раз. Саясат Нурбек подчеркнул, что такие проекты укрепляют связь образования и производства.

📱 @KZgovernment

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT