Экологиялық акцияның мәні ерекше

Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің әр өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл бастаманы қолдау мақсатында өткен сенбіде қаламыздағы әртүрлі мекеменің 600-ге жуық жұмысшы-қызметкері тағы да бір рет қоршаған орта тазалығының «шаңын қағып алуға» шықты.

Иә, «Тазалық табалдырықтан басталады» демекші, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік қылған қала халқының сенбілік сайын бір кісідей атсалысып, ортақ мекеннің бір жасарып қалуына септігін тигізуі – көңіл қуантатын жайт. Орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын тазартып, қоқыс қалдығын жинаған тазалық жанашырлары қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосып келеді.

«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты - аты айтып тұрғандай айналамызға көңіл бөліп, саябақ пен гүлзарларды аялап, қаламызды, қала берді тұратын жерімізді таза ұстауға шақыру. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында өткізілген сенбілікке мемлекеттік мекемелердің, білім ордаларының, балабақша қызметкерлерінен тұратын топ белсене қатысты. Атап айтқанда, «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының, «РИП-газ» ЖШС, «ПромГаз» ЖШС-ның, аудандық әкімдіктің дербес бөлім қызметкерлері атсалысты. Ұйымшылдықпен жүргізілген сенбілік нәтижесінде қаладан 5 тонна қоқыс қалдықтары жиналып, арнайы полигонға жеткізілді.

Д.ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521