ЕКІ ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акция- сы басталғаны аян. Акцияның мақсаты - қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыру және тазалықты сақтаудың маңыздылығын түсіну.

Осыған орай, жақында «Аманат» партиясы аудандық филиалы мен бастауыш партия ұйымының төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары, «Жасыл ел» еңбек жасағы мен «Жастар Рухы» ЖҚ-ның белсенділері тазалық шарасын атқарып, көшелерді қоқыстан тазалады. Сол күні қаланың 4-учаскесіндегі «Ғанибет» дүкенінен бастап, С.Датов көшесіне дейінгі аралықтағы аумақ көң-қоқыстан арылып, 2 жарым шақырым жер тазаланды. Яғни, 2 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылды. Жалпы «Жасыл ел» еңбек жасағы бойынша қаламызға 140 квота берілген. Олар әр жұма сайын еріктілермен бірге Қамыскөл көлінің жағалауына «Таза аула – таза қала» атты тазалық акциясын ұйымдастырады. Айталық, өткен шілде айы бойынша онда 49 жас жұмыспен қамтылып, көптеген жұмыстарды жүзеге асырды.

- «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысы тек сенбіліктер өткізумен шектелмейді. Акция алдағы уақытта әр апта сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Себебі, елді-мекендерді таза ұстау, көгалдандыру – ортақ міндетіміз,-дейді ұйымдастырушылар.

Ж.ШАҢҚАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT