Қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аясында «Балықшы» саябағында 500 түп Ива Матсудана ағашы отырғызылуда.
Бұл талдар су айдындарының бойында және ашық кеңістіктерде ерекше сән беріп, табиғи ылғалсүйгіш аллеялар қалыптастырады. Көгалдандыру жұмыстары саябақтың экологиялық тепе-теңдігін сақтап, тұрғындар үшін қолайлы демалыс аймағын қалыптастыруға бағытталған.
Атырау қаласы әкімдігі алдағы уақытта да жасыл аймақтарды көбейту және қала экожүйесін жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
#тазақазақстанатырау


