«Таза Қазақстан» республикалық акциясының аясында 13 шілде күні «Таза жағалау» акциясы өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл акцияда су объектілерінің жанындағы жағалауларды тазалау жүргізіледі. Атырау қаласында мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және кәсіпорындардың қатысуымен Жайық өзенің жағасын жинау жоспарланған.
Жиналу орн еңы – Атырау облыстық балалар ауруханасы тұсындағы Жайық жағасы. Акция сағат 9.00-ден басталады.
"Баршаңызды «Таза жағалау» акциясына белсенді қатысуға шақырамыз" дейді ұйымдастырушылар.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ