Атырауда сенбілік аясында 50 мың тонна қоқыс шығарылды

.

Атырау қаласында өткен жалпықалалық сенбілік барысында қала аумағынан 50 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Тазалық жұмыстарына 85 арнайы техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, 10 жүк тиегіш, 30 автобус және 45 КамАЗ көлігі жұмыс істеді. Сенбілік барысында Жайық өзенінің екі жағалауы толығымен тазартылып, жағалау бойындағы қоқыстар жиналды. 

Сонымен қатар қаланың сәулеттік сипатына сай келмейтін, тозығы жеткен ескі үйлер мен бос тұрған ғимараттар сүріліп, аумақтар ретке келтірілді. 

Нәтижесінде 3000 текше метрден астам құрылыс қалдығы мен 50 мың тоннадан астам қоқыс сыртқа шығарылды.

Айта кетейік, сенбілікке қала бойынша 5000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында тұрғындар, еріктілер, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, жастар ұйымдары мен белсенділер бар. Барлығы жұмыла атсалысып, қаланың тазалығына өз үлесін қосты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT