Аудан аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік өткен аптада да өз жалғасын тапты. Дәстүрлі түрде жиі өткізілетін тазалық жұмыстарына сенбі күні өңірдің белсенді азаматтарынан бастап мектеп оқушыларына дейін қатысып, 60-тан аса қала тұрғыны қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты.
Жалпыұлттық экологиялық акция – қоршаған ортаны қорғау мен азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастама. Ол ең әуелі табиғатқа деген жанашырлықтан басталатыны даусыз. Бүгінде ауданымызда осы акция аясында сенбіліктер жиі өткізіліп келеді. Оған білім беру мекемелері, кәсіпкерлік ұйымдар, еріктілер мен жастар да біркісідей атсалысып, қала көшелері мен саябақтарды, қоғамдық орындарды тазалауда үлгі боларлық жұмыс атқарып жүр. Бұған ауданымыздағы өткен аптада өткізілген сенбілік дәлел бола алады.
Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы Әзизхан Демесіновтің айтуынша, аудан азаматтарының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде сенбілік барысында 418 текше метр қоқыс жиналып, арнайы полигонға жеткізілген.
Д.ЕЛЕУСІН