Құлсары қаласында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында әр апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Құлсары қаласында сенбілік өтті.
Бүгінгі игі шараға ТШО және 11 мекеме-ұйым өкілдері қатысып, барлығы 200-ден астам адам бірлесіп қаламыздың тазалығы үшін еңбек етті.
Қала көшелерін қоқыстан тазартып, әрқайсысы өлкенің көркейіп, жасыл да таза болуына өз үлесін қосты.
Бұл шараның басты мақсаты – табиғатты аялау, жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті дәріптеу және туған қаламызды көркейту.
Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Демалыс орындарында уақыт өткізгеннен кейін қоқысты жинап, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау - әр азаматтың міндеті.
#тазақазақстан #тазақала