2 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Мұқыр ауылдық округінде ағымдағы жылдың 11 қазан күні елімізде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымды сенбілік тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері, мектеп ұжымы, ауыл жастары мен тұрғындар белсене қатысып, тазалық жұмыстарына 1 мусоровоз техникасы пайдаланылды. Нәтижесінде ауыл ішілік көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, 2 тоннаға жуық қоқыс арнайы полигонға шығарылды.

Осындай шаралар тұрғындардың бірлесіп, ауылды таза ұстауға деген жауапкершілігін арттырып, «Таза Қазақстан – таза болашақ» қағидатын насихаттай түседі.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT