Экология

- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 122
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
Мониторинг арқылы анықталған рұқсат етілмеген қоқыс орындары Самал ықшам ауданында орналасқан. Тазарту жұмыстарына «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің үш техникасы мен 10 қызметкері жұмылдырылды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өткен жылы «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ түсірілімдері арқылы 168 орын анықталған. Оның 53-і Атырау қаласы, ал 115-і Жылыой ауданы аумағында.
- Атырау қаласында анықталған орындардың 34-і жеке меншіктегі құрылыс материалдары екені анықталса, 19 орынға тазарту жұмыстары жүргізілді. Жылыойдағы 106 орынға тазалау жұмыстары жүргізілді. Қалған үш жер заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигон орны, ал алтауы жеке аумақтағы құрылыс материалдары екені белгілі болды,- деді АОБ экология департаменті Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Рамазан Салық.
Айта кетейік, рұқсаты жоқ қоқыс орындарын анықтау ғарыш сапары түсірілімдері мен әлеуметтік желілердегі мониторинг арқылы жасалады. Анықталған орындар жергілікті атқарушы органдардың көмегімен тазаланады.

- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 119
Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңару» және жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында шаған талдары егілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ағаштар «Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығы», №7 қалалық емхана, №44 мектеп-гимназиясы, №15 орта мектеп, сондай-ақ Авангард ПИК аулаларында және Самал ықшамауданына отырғызылды.
- Бүгін әр қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін «Жаңару күні» тойлануда. Бұл акция әрі қарай да жалғасын таппақ. 20 наурыз бен 20 сәуір аралығында тазалыққа басым назар аударылады, оған алдағы уақытқа түрлі жоспар құрдық. Атап айтсақ, сенбіліктер, білім беру ошақтарында экологиялық мәдениетті арттыруға арналған түрлі сабақтар мен кездесулер. Сонымен қатар таза аула, таза қала, таза аудан, таза көше және тағы да басқа номинациялармен конкурс өтеді, - деді Атырау қалалық мәслихат депутаты Мейрамгүл Есниязова.
Сондай-ақ Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Шаңырақ» балалар үйінде «Бұл менің ағашым» акциясы өтті. Балаларға табиғатқа деген қамқорлықты, жауапкершілікті үйрету және ағаштарды күтіп-баптау арқылы еңбекке деген қызығушылықтарын ояту мақсатында аулаға 100 жеміс ағашы егілді.

- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 116
Ауданда Жаңару күні мерекесіне орай тал-терек отырғызылды. Бұл іске мемлекеттік орган қызметкерлері, белсенді жастар, табиғат жанашырлары
және басқа да мекеме қызметкерлері жұмыла атсалысып, ауданның бірнеше ықшам ауданына мыңнан аса көшет екті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі қызметі.
Акцияға аудан бойынша 500-ден астам адам, 11 техника жұмылдырылды.
- Құрманғазы ауданында Жаңару күніне орай терек егу акциясы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда аудан орталығы Құрылысшылар ықшам ауданына мекеме қызметкерлерінің қатысуымен 700 тал-терек отырғызды. Сондай-ақ ауылдық округтерде ғимарат аумақтарына әрбір мекеме басшыларының қатысуымен теректер егілуде. Аталған талдарды күтіп-ұстау округ әкімдігі арқылы жүргізіледі,- деді Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Муса.

- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 134
Астанада республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыруға арналған халықаралық конференция өтті. Ғалымдар мен экологтар қатысқан басқосуда қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстан географиялық орналасуы бойынша су ресурстары тапшы мемлекеттер қатарында. Сондықтан табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда халықаралық ынтымақтастыққа басымдық беріледі.
Серік Сыдықов, ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары:
- Конференцияға Өзбекстаннан, басқа да мемлекеттерден, көршілес мемлекеттерден мамандар қатысып отыр. Каспийдің айналасында 5 мемлекет бар. Олармен біздің мемлекетіміз тығыз қарым қатынаста. Осы жөнінде арнайы конвенция қабылданған. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралардың оң нәтижесі әрине бар.

- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 123
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
Қаладағы атмосфералық ауа сапасының жай-күйіне байланысты ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты – шаhардағы жағымсыз иістің нақты көзін анықтау, мониторинг жүргізу және алынған мәліметтер негізінде кешенді талдау жасау,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Іс-шара барысында «Қазгидромет» РМК Атырау филиалы мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС талдама зертханасы, сондай-ақ еріктілер мен мамандар бірқатар бақылау нүктесінде болып, ауа сынамаларын алды. Шараға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сонымен қатар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қатысып, өңірдегі экологиялық ахуалды саралап, оны жақсарту бойынша нақты шешімдер қабылдау қажеттігін талқылады.
- Қазіргі уақытта біз «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің санитарлық қорғау аймағында («Пропарка» станциясы маңы), сондай-ақ Солтүстік өндірістік аймақта (Казтрансойл, КҚК, Вестойл, КПО) атмосфералық ауаның сапасына сынамалар алдық. Зерттеулер күкіртсутегі, диоксид және меркаптандар бойынша жүргізіліп, талдамалық жұмыстар басталды. Сынама нәтижелері сарапшылардың қорытындысынан кейін жарияланады. Бұл зерттеудің басты мақсаты – түнгі уақытта сезілетін жағымсыз иістердің нақты шығу көзін анықтау,- дейді Атырау облысы бойынша экология департаментінің бөлім басшысы Сапар Тұрсынбеков.
Бұл іс-шара қоғамдық экологиялық бақылауды күшейтіп, қала тұрғындарының экологиялық мәселелерге белсенді атсалысуына жол ашты. Алынған ауа сапасына қатысты зерттеу нәтижелері қосымша жарияланып, тиісті шаралар қабылданатын болады.

- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 140
Атырау мұнай өңдеу зауытында кәсіпорынның 80 жылдығын тойлау аясында «Табиғат – біздің үйіміз, зауыт – отбасымыз» атты экологиялық тимбилдинг өтті. Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігімен тұспа-тұс келген тазалық акциясына «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Жусанбаев бастаған 100-ге жуық қызметкер қатысты.
Күрек пен тырма алып, қапшықтарын арқалаған мұнай өңдеушілер таңмен қызу жұмысқа кірісті. Зауыт аумағын абаттандырып, тазалық акциясына белсенділік танытты. Олар көңілді әуен ырғағымен өндірістік нысандар мен әкімшілік-әлеуметтік ғимараттар айналасын, саябақтарды тазартып, жол бойындағы ағаштарды әктеді. Бір жарым сағат уақыт ішінде жұмысшылар шамамен 12 текше метр күл-қоқыс жинады.
Зауыттың Бас директоры Ғ.Жусанбаев әрбір қызметкер өзі еңбек ететін нысан аумағының тазалығына жауапты екенін баса айтты. 2 500-ден астам адамның екінші үйіне айналған зауыттың санитарлық жағдайын жақсарту - ортақ міндет екенін тілге тиек етті. Тазалық акциясының соңында қатысушыларға Ораза-бокстар таратылды.
Айта кеткен жөн, Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдық мерейтойы аясында қызметкерлер мен эко-белсенділерінің қатысуымен бірқатар экологиялық шаралар жоспарланған.

- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 153
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың пленарлық отырысында президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар екенін айтты.
“Азаматтарымыз референдумда бірінші атом электр стансасын салу туралы шешімге қолдау көрсетіп, осы міндетті орындауға жол ашып берді. Бұл қадам алыс болашақтағы ахуал қалай болатынын ескере отырып, энергетика саласын кешенді түрде, жан-жақты ойластырып дамыту қажеттігін көрсетеді. Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар”, – деп мәлімдеді Тоқаев.
Тоқаев осы себепті Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептейтінін жеткізді.
“Осы міндеттің айрықша маңызды екенін ескеріп, мен Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек”, – дейді президент.

- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 124