Қазіргі уақытта ауданға 24 жоғары білімді дәрігер қажет.
«Биыл Жылыой ауданының емдеу орындары 9 дәрігермен толықты, оның ішінде жетеуі жас маман», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жылыой ауданының әкімі Хәлел Жамалов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта ауданға 24 жоғары білімді дәрігер қажет.
- Ауданымызда 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық емхана ғимараты, 1 темір жол аймақтық филиалы, 1 аудандық емхана филиалы және 6 дәрігерлік амбулатория бар. Қазіргі уақытта аталған медицина мекемелеріне 24 жоғары білімді дәрігер жетіспейді, - деді Хәлел Жамалов.
Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.