Жылыойдан тағы COVID-19 жұқтырған 9 адам анықталды

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 24 адам тіркелді

(25.06.2020 жылғы мәлімет бойынша) COVID-19 жұқтырған 15 жағдай Атырау қаласынан және 9 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді. Олардың бірқатары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген, сондай-ақ скринингтен өту барысында анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

25.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1584 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 1237.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521