Жылыойдан коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелді

Оның ішінде 2 жасар және жасқа толмаған сәби де бар

31.05.2020 жылғы мәлімет бойынша COVID-19 жұқтырған 54 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және Теңіз кен орнынан шығар кезде, сондай-ақ скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал, тағы 11 адам Атырау қаласының тұрғындары, олар бұрын инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринигтен өткен.

Сондай-ақ 3 жағдай 1965, 2018, 2020 жылы туған Жылыой ауданының, біреуі 1991 жылы туған Мақат ауданының тұрғындарынан тіркелді. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 31.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1105 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 314 .

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521