ЖЫЛЫОЙДАН COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 10 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

502 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 51 жағдайы расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 6 науқастан анықталды.

Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 10 адам, Индер ауданында – 1, Исатай ауданында – 3, Құрманғазы ауданында – 4 науқас анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 40 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 59 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта үй жағдайында 535 адам, модульдік ауруханада – 153, екінші облыстық ауруханада – 128, фтизиопульмонология орталықта – 44, аудандық инфекциялық стационарларда – 127 адам ем алуда.

Сондай-ақ, Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында-58 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта қалып отыр.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика