ken-zhyloi.kz
Нұрбек ҮКІБАЕВ, Жылыой аудандық орталық аурухана директоры:
- Жылыой ауданы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделену қаупі бар. Күні бүгін 30 адамнан ковид оң нәтиже беріп, тіркелді. Соның 12 науқасы орташа ауырлықта стационарлық емді алып жатыр. Медициналық персонал күшейтілген режимге көшті. Дәрі-дәрмек қоры және жеке бас қорғаныш құралдары қажетті мөлшерін қалыптастырды. Орталық емханадан мамандар оқытылып, екпе кабинеті ашылды.
Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталмауына той-томалақтың тыйылмауы да себеп болып тұр. Мобильді топтар күшейтілген түрде жұмыс жасап жатқанымен, нәтиже аздау. Отбасылық жиын-той тыйылмай, аурудан оңай құтылмаймыз, - дейді ауданның бас санитары.
Талғат ХАБИБУЛЛИН, Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігері:
- Облыстық санитарлық бас дәрігеріміз бар, соның қаулысы негізінде көпшілік жиналатын жерге бармау, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, бетперде киіп жүруді сұраймыз. Міне Ораза айт та келіп жетті. Сол уақыттарда ауызашар деген шаралар бар ғой. Сол шараларды өткізбеуді сұраймыз. Осы індеттің алдын алудың бірі - вакцинациялау. Атырау облысы бойынша вакцинациялау басталды. Әрбір ерікті тұрғын вакцина алуға құқылы. Өз еркімен.
Вакцина аламын деушілердің саны күн санап артып келеді. Ақпан айынан бері 500-ге жуык адам екпе алған. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, медицина, білім саласы мен құқық қорғау органдарының мамандары, еріктілер бар.
Перизат ҚИЗАТОВА