Жылыойда медицина қызметкерлері біліктіліктерін арттырды

Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы (ҚОДА)  аудандық емханаға арнайы келіп, ондағы медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіріп, тәжірибесін байытуды мақсат тұтқан жобаны жүзеге асыруда. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан іс-шара «Жылыой ауданының денсаулық саласының сапасын арттыру» деп аталады.

Аталмыш жоба шеңберінде ауданымыздағы медицина қызметкерлеріне білім арттыру тренингтері жоспарлы түрде өтуде.

Тренингтерді  Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы дәрігерлері: Алматы қаласынан келген  КазНУ доценті Д.Даутов, Семей медицина университетінің доценті А.Нұртазина, Алматы қаласынан келген медицина ғылымдарының кандидаты А.Егембердиева, Қарағанды қаласынан келген профессор Б.Омарқұлов, Алматы қаласынан келген дәрігер И.Стафеева, электрондық денсаулық сақтау маманы С.Павлова өткізуде.

Келген топ мамандары дәрігерлерге жүрек, қан тамырлары аурулары мен қант диабеті сырқатын емдеудің сапалы әдістерін үйретуде. Сондай-ақ шұғыл түрде алғашқы реанимациялық көмек көрсетудің жаңаша қыр-сырларын меңгертуде. Бұдан басқа компьютер пернетақтасында тез теру, электронды құжаттар мен түрлі дәрігерлік анықтамаларды толтыру кезінде жылдам жұмыс атқару бойынша шеберлік кластарын ұйымдастырды.

Айта кетерлігі, «Жылыой ауданының денсаулық саласының сапасын арттыру» деп аталатын бұл жобада орта буын және ауылдағы медицина қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруға көбірек көңіл бөлінуде.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521