Жылыойда қараша айында 14785 адам коронавирусқа қарсы екпе алған

​ «Бұл туралы Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хабибуллин онлайн брифинг барысында мәлім етті» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

« Жылыой ауданы бойынша​ коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға қарсы көрсетілімі жоқ 37 889 тұрғын тізімге алынып отыр. Қазіргі уақытта 14 785 тұрғын екпе салдыртты.

Сонымен қатар, "PHIZER" екпесін алуға аудан бойынша 9014 адам тізімге еніп отыр. Оның 749-ы жүкті әйелдер, 1891-і емізулі аналар, 6374-і 12-17 жас аралығындағы балалар», деді спикер Талғат Хабибуллин. ​

Еске сала кетелік, пандемия басталғалы бері Жылыой ауданында 4028 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Жылыой ауданы бойынша соңғы 14 күнде қауіпті инфекция жұқтырудың 6 жағдайы тіркелді. Олардың арасында зейнеткерлер, студенттер мен жұмысқа шақырылғандар бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521