Жылыойда алғаш рет омыртқаға нейрохирургиялық ота жасалды

.


Жылыой аудандық ауруханасына 59 жастағы науқас L1 омыртқасының компрессионды екі жақты сынуымен ауруханаға түсті.

МРТ және КТ тексерулерінен кейін науқасқа 5 шілде күні сағат 13:00-де омыртқа жарығын пункциялық цементтеу — вертебропластика отасы жасалды.

Отаны Атырау облысының штаттан тыс бас нейрохирургы Ербөлеков Еркін Ідірісұлы, Жылыой орталық аудандық ауруханасының травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Байзуллин Жақия Жақыпұлы сәтті жасап шықты.

Бұл – Құлсары қаласында жасалған алғашқы нейрохирургиялық ота болғандықтан, оның қалай жүргізілгенін нақты білу үшін Жылыой аудандық орталық аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Ізімов Әбілхайыр Болатұлынан арнайы сұрап білдік.

Дәрігердің айтуынша, 1966 жылы туған науқасқа жасалған ота сағат 13:00-де басталып, жарты сағатқа созылып, сәтті аяқталған. Отаның негізгі мақсаты — L1 омыртқасының компрессиялық екі жақты сынуымен ауруханаға түскен науқастың аурудан айығып, қайтадан еркін қозғалуына, яғни аяққа тез тұрып кетуіне көмектесу. Дәрігердің сөзінше, қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы. Бірнеше күннен кейін оны аяққа тұрғызып, өз бетімен жүріп-тұруына мүмкіндік туады.

Бұл – Құлсары қаласы үшін үлкен жетістіктің бірі. Аудан көлемінде алғаш рет нейрохирургиялық отаның сәтті жасалуы – жергілікті медицинаның дамып келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта да мұндай жоғары технологиялы операциялар ауданда жиі жасалатынына сенім мол. 59 жастағы науқастың тезірек сауығып, аяққа тұрып кетуіне шын жүректен тілектеспіз.

Әйгерім Ғалымжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT