Жылыойда алғаш рет лапароскопиялық жолмен ота жасалды

Бүгін алғаш рет Жылыой аудандық ауруханасында 36 жастағы азаматқа заман талабына сай лапароскопиялық әдіспен ота жасалды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін жедел аппендицит, жедел асқазан жарасынан қан кету, жатырдан тыс жүктілік, кіндік және шап жарығына операциялар кесу әдісімен жедел және жоспарлы түрде жасалған. Бүгіннен бастап лапароскопиялық ота жасау қолға алынды.

Лапароскопиялық хирургия – науқастың ішкі ағзасына отаны тілік жасамай-ақ орындайтын хирургияның жаңа әдісі. Бұл тәсілмен ота жасалған емделуші бір-екі күн ішінде аяққа тұрып кету мүмкіндік жоғары.

- Науқас қабылдау бөліміне іш ауырсынуы, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы белгілерімен Теңіз кенішінен жеткізілді. Жағдайын тексеріп, лабораториялық зерттеу нәтижесінен кейін жедел аппендицит диагнозы нақтыланды. Науқастың өзінен келісім алынып, лапароскопиялық әдіспен жедел түрде ота жасалды. Қазір жағдайы қалыпты. Хирургия бөлімінде емін жалғастырып жатыр, - деді Жылыой аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Асулан Абдрахманов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521