Жылыойда 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталды

Атырауда коронавирус инфекциясынан 135 адам емделіп шықты

«Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 248 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 97 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 34 адам ем қабылдауда» , – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Ал Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында қауіпті дерт жұқтырған 732 адам оқшауланып, дәрігер бақылауында. Атырау облысында өткен тәулікте 78 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 1-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 72 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз-қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521