Жылыойда 34 адам Covid-19-ке шалдыққан

«Қызыл аймақ»: Атырау облысында бір тәулікте Covid-19 жұқтырған 386 адам анықталды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы әлі де Атырау қаласы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 233 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды. Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 34, Индер ауданында – 24, Исатай ауданында – 6, Қызылқоға ауданында – 17, Құрманғазы ауданында – 15, Мақат ауданында – 5, Махамбет ауданында-16 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 281 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 170 адам емделді.

Қазір 2542 адам үй жағдайында, 188 адам модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада – 207, фтизиопульманологиялық орталықта – 99, кардиоорталықта – 102, т/ж ауруханасында – 109, аудандық инфекциялық стационарларда – 304. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 161 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521