Жылыойда 29 адам Covid-19-ке шалдыққан

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 320 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

824 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 215 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 16 адам анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 29, Индерде – 18, Исатайда – 15, Махамбет ауданында – 11, Мақатта – 2, Құрманғазыда – 5, Қызылқоғада – 9 адам анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 219 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 98 адам емделіп шықты. Қазір 1282 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 194, №2 облыстық ауруханада -172, фтизиопульманологиялық орталықта – 91, кардио орталықта – 109, аудандық инфекциялық стационарларда – 184 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 74 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521