Жылыойда 2 әйел адам коронавирустан қайтыс болды

Пациенттер ауруханаға өте ауыр хәлде түскен

"Жылыой ауданы Құлсары қаласының 44 жастағы тұрғыны екінші облыстық аурухананың инфекциялық стационарына 12 маусымда "екіжақты полисегментарлы пневмонияның ауыр түрі" диагнозымен жатқызылды, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі байқалды. Пациент ауруханаға өте ауыр хәлде түскен. Жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды. 14 маусымда диагнозы нақтыланды – "коронавирус инфекциясы". Пневмония септицемия және токсикалық нефрит түрінде асқынды. Бұдан бөлек, әйел семіздікке шалдыққан. "Науқастың жағдайы 22 маусым сағат 21:30-да күрт нашарлап кетті, клиникалық өлім диагнозы қойылды", - деді дәрігерлер.

Жылыой ауданының 57 жастағы тұрғыны ауруханада бір тәуліктен аз уақыт жатты. Әйел 22 маусымда жедел жәрдеммен провизорлық стационарға жеткізілген.

"Бұған дейін өткір респираторлық вирустық инфекция белгілерімен учаскелік емханаға жүгінген. Вирус жұқтырған пациентпен байланыста болған адам ретінде қаралды. Денсаулығын тексеру кезінде өкпесінің 50 проценті зақымдалып, екіжақты полисегментарлы пневмонияға шалдыққаны анықталды. Бұдан басқа, глаукома ауруы болған, 3-топтағы мүгедек", - деп мәлімдеді басқармадан.

Науқас инфекциялық бөлімшеге интенсивті терапия палатасына ауыстырылып, жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды. 23 маусымда пациенттің жағдайы күрт нашарлап, клиникалық өлім тіркелді. Қайтыс болғаннан кейін қойылған диагноз – "коронавирус инфекциясы, тыныс алу жеткіліксіздігі".

Облыста барлығы 1 440 адам коронавирус жұқтырды. 1 134 пациент дертінен айықса, он төрті қайтыс болды.

sputniknews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521