Жылыойда 2 адам коронавирус жұқтырды

COVID-19 жұқтырған 3 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар 1980, 1998, 1989 жылы туған ер адамдар. Олардың екеуі инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған, біреуінен скринингтік тексеріс кезінде анықталған.

Ал тағы 3 адам 1995, 1998, 1990 жылы туған Атырау қаласының тұрғындары. Олардан зертханалық сынамалар эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес алынды.

Тағы 2 адам 1992, 1988 жылы туған Жылыой ауданының тұрғындары. Олар коронавирус жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ 1 адам 1987 жылы туған Құрманғазы ауданының тұрғыны, ол ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

08.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1222 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны – 820.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика