Жылыойда 17 адам Сovid-19 жұқтырды

АТЫРАУДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 75 АДАМНАН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ

551 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 50 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 1 науқастан қауіпті індет анықталған.

Соңғы тәулікте Жылыой ауданының 17, Мақат ауданының 4, Исатай, Құрманғазы, Махамбет аудандарының бір-бір тұрғынынан Covid-19 расталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 43 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 116 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 645 адам үй жағдайында, 154 модульді ауруханада, 115 – екінші облыстық ауруханада, 47 – фтизиопульмонологиялық орталықта, 140 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 95 адам емделуде.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта қалып отыр.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT