Жылыой аудандық орталық ауруханасына Абдрахманов Асулан Нурбуланович директор болып тағайындалды. Абдрахманов Асулан Нурбуланович 1990 жылы 4 қарашада Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2015 жылы Семей қаласындағы Семей медициналық университеті «Жалпы медицина» және 2022 жылы М.Нәрікбаев атындағы KazGuu «Денсаулық сақтау менеджменті» MBA Астана қаласында бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2015 жылы Семей қаласының онкологиялық диспансерінде хирург маманы болып бастаған.
2016-2019 жылдары Мақат аудандық ауруханасында «оташы» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2019-2020 жылдары Мақат аудандық ауруханасында директордың емдеу ісі бойынша орынбасары болып қызмет атқарған.
2020-2022 жылдары Мақат аудандық ауруханасында директор лауазымында қызмет атқарған.
2022 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Құрманғазы аудандық ауруханасында директор лауазымында қызмет атқарған.
«Аmanat» партиясының мүшесі.
Еңбек еткен жылдарында 2021жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Кәсібіне адалдық» орденімен, 2022жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.
Отбасылы, 1 қыз тәрбиелеуде.