banner_damu

Жылыойға тағы бір реанимобиль

Бүгін “Теңізшевройл” ЖШС (ТШО) үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев Жылыой аудандық орталық ауруханасына салтанатты түрде реанимобиль автокөлігін сыйға тартты.

reanimobil

Сыйға тарту салтанатына Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет, аудандық аурухана директоры Нұрбек Үкібаев және ТШО басшылары қатысты.

Аудандық аурухана директоры Нұрбек Үкібаевтың айтуынша, аталмыш реанимобиль ауданда көрсететін медициналық қызметтердің сапасын арттырмақ.

“Жылыой ауданы әкімдігі мен Теңізшевройл кәсіпорнының бірлескен жұмыстары өз нәтижесін беруде.Алдағы жылдары ауданымызда бірнеше әлеуметтік нысандардың салынуына ықпал жасайтындарыңызға кәміл сенеміз.Аудан халқы атынан сізге және Теңізшевройл ұжымына ризашылығымызды білдіреміз”, - деп атап өтті Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет.

reanimobil3

reanimobil2

“Біз салауатты ұлт табысты экономиканың және жалпы қоғамның кепілі екеніне нық сенеміз. Аудандық аурухананың сұрауы бойынша, биылғы жылдың басында Теңізшевройл мекемесі заманауи техникамен жасақталған медициналық жабдықтар мен реанимобиль автокөлігін сыйға тартқан болатын. Бүгін екінші реанимобильді сыйға тарту мәртебесі бұйырып тұр. Бұған мен өте қуаныштымын. Біздің осы сыйымыз ақ халатты абзал жандар үшін халыққа қызмет көрсетуде маңызды құралға айналып, аудандағы денсаулық сақтау саласын одан әрі жақсартуға айтарлықтай пайдасын тигізеді деген үміттеміз. Сондай-ақ, аудан үшін маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда көрсетіп келген үздіксіз қолдауы мен жемісті серіктестігі үшін аудан әкімі Азамат Бауыржанұлына және оның ұжымына зор алғысымызды білдіремін”, деді – ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Ашық дереккөз

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика