Атырауда онкологиялық диспансер және перинаталдық орталық салынады.
Сондай-ақ, Атырау қаласында 2 емхананың, үш подстанциясы бар жедел жәрдем станциясының, сонымен қатар, ауылдық жерлерде 5 медициналық нысанның құрылысын бастау жоспарланған.
- Қазіргі таңда Атырау қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер мен перинаталдық орталықтың жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып жатыр, - деді Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында.