Жыл қорытындысы: атыраулық ақхалаттылар баспаналы болды

Бірқатар сарапшылар өткен жылышалғай аудандарда денсаулық сақтау мәселесі бірінші орынға қойылғанынайтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Мемлекет Басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың басты бастамаларыныңбірі ауылдардағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту деп санаймын, бұл халықтың өмір сүру ұзақтығымен әлеуметтік әл-ауқатынарттыруға мүмкіндік береді. Бірнеше жыл ішінде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 276 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы аяқталды. Оның ішінде 2023 жылы  99, 2024 жылы 177, 2025 жылы 125 нысан құрылысы қарастырылған. Сонымен қатар, 32 аудандық аурухананы жаңғырту жалғасуда-деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ҚайсарАбдалиев.

Жуырда ғана 25 желтоқсанда ашылғанЖылыой орталық аудандықауруханасының жанындағыТравматология және ортопедия бөлімінің тұсаукесерін де жарқын мысал ретінде атап өтуге болады.

"Біз үшін, әсіресе, ауыл тұрғындарыүшін бұл үлкен оқиға. Жаңатравматология бөлімшесінде ауыржарақат алған науқастарғамамандандырылған көмеккөрсетіледі. Болашақта жамбас, тізебуындарына күрделі операциялар, омыртқаның эндопротезі,транспедикулярлық фиксация жәневертебропластика жасалады" дейді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, Жылыой ауданындабұрын-соңды тері арқылы коронарлықараласу сияқты күрделі операцияжасалмаған. Бұл жүректі қанменқамтамасыз ететін коронарлықартерияларды ашу немесе қалпынакелтіру мақсатында тері арқылыжасалатын хирургиялық процедура.

"Бұл әдіс жүрек ауруларын емдеудіңең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Жаңа бөлімшеде 34операция жасалды, 15 науқасқа стет орнатылды, ал 19-накоронарография жасалды.Травматологиялық бөлімше қажеттірентген аппараттарымен, УДЗаппараттарымен және басқа да заманауи жабдықтармен ангиографпен, дефибриллятормен,кардиомонитормен және өкпеніжасанды желдету аппараттарыментолық жабдықталған. Мұнда бірпрофессор, интервенциялықкардиолог, кардиореаниматологжәне тағы төрт дәрігер жұмыс істейді. Ең бастысы, жоғары технологиялық медициналыққызметтер тек қалаларда ғана емес, шалғай ауылдарда да қолжетімдіболды" деп атап өтті Қ.Абдалиев. 

Жалпы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2022жылдан бастап "Отбасы Банк" АҚоператоры болған тұрғын үйбағдарламасы бойынша пәтер алуғаөңірдің мемлекеттік медициналықұйымдарында жұмыс істейтін 100-ге жуық дәрігер өтінім берген. Арнайыкомиссия баллдық жүйе бойынша үміткерлерді барлық талаптарғасәйкестігін бағалады. Нәтижесіндедәрігерлер бастапқы жарнаны төлемей-ақ жылдық мөлшерлемемен бес пайыз несиеалды.

"Бұл бағдарлама дәрігерлердіңтұрғын үй мәселесін жәнемемлекеттік медициналықұйымдардағы кадр мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Атырауоблысы әкімдігінің қолдауымен 2023жылдың желтоқсан айынан бастап"Отбасы банкі" арқылы мемлекеттікмедициналық мекемелерде жұмыс істейтін дәрігерлерге жеңілдетілгентұрғын үй кредитін беру бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 42маман баспаналы болды" дейдіоблыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Дәрігерлер 25 миллион теңгеге дейіннесие ала алады. Несиелеу мерзімі – 19жылға дейін. Дәрігерлерге тұрғын үймәселесін шешуге мүмкіндік беретін өңірлік бағдарлама келесі жылы дажалғасын табады. Мәселен, 2 Атырауоблыстық ауруханасының инфекционистдәрігері Ботагөз Нәбиева жақында қоныстойын атап өтті. Аймақтықбағдарламаның арқасында оның тұрғынүй мәселесі шешілді.

"Үш жыл бұрын жұбайыммен бірге(ол да 2 облыстық ауруханада анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істейді) Айбек Елеуғалиев Ақтөбеден Атырауға көшіп келген еді. Осы жылдар ішінде айтарлықтайтабыс пәтер жалға алуға кетті.Аурухана әкімшілігі жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынғанкезде, біз бірден келістік, құжаттартапсырып, банктің келісімін алдық, жақсы ұпай жинады. Сөйтіп, 2015жылы салынған пәтерді таңдап, оған бірден кіріп алдық. Сол үшін қатты қуаныштымыз" дейді су жаңа тұрғын үй иесі.

Марина ҚУАНЫШЕВА,

аударған – Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT