Микроспория және трихофития (дерматомикоз) - терінің жұқпалы ауруларына жатады. Бұл дерт адам мен жануарларды зақымдайды. Оны науқас ауырған адамнан немесе жануармен тікелей қарым-қатынаста болғаннан, сондай-ақ дерматомикоз ошағындағы заттарды қолданғаннан жұқтырады.
Аурудың қоздырғышы адамның терісін тұтас, ал шашты-түкті бөлігін терең зақымдайды. Сондықтан ата-аналар өз баласын жұқпалы дерматомикоз ауруынан сақтау үшін төмендегі алдын-алу шараларын қатаң сақтауы тиіс:
-үй жануарларын бағып, ұстауда, олармен қарым-қатынаста жеке бас гигиенасын сақтау;
-тері ауруына шалдыққан кезде дәрігер дерматологқа уақытылы қаралу;
-дерматомикоз ошағында зарарсыздандыру шараларын уақытылы жүргізіп отыру (аурудың төсек орыны, киім-кешегін қайнату, тіктеу,т.б);
-жануарлар терісі зақымданғанда ветеринарлық дәрігерге көрсету.
-Әрбір үй жануарын ветеринарлық есепке алғызып тіркету қажет.
-жеке бас гигиенасын күнделікті сақтау.
Зоя Тасболатова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы