«Жедел жәрдемге» дән ризамын

Мен көп жылдан бермен қарай қан қысымым көтеріліп ауырамын. Кей уақытта ішкен дәрі-дәрмекке де бой бермей, төбем солқылдап, жүрегім соғып, ұйқыны мүлдем ұмытамын .

Сондай сын сағатта амалсыз «Жедел жәрдем» бөлімшесіне қоңырау шаламын. Ондағы фельдшер қыздарым Інжу мен Гүлзадаға дән ризамын. Олар өз міндетін мінсіз атқарады. Әсіресе қос жанары оттай жайнаған, аққұбаның әдемісі Інжу үйге кіріп келгенде жанұямызбен жадырап сала береміз. Үйдегі қыздарым да: «Інжу апа келді, енді мамамның жағдайы жақсарады!» - деп нық сеніммен сөйлейді. Айтқандай-ақ, осы қызымда қандай қасиет барын білмеймін, қан қысымым қанша жоғарылап тұрса да, жаным жай таба бастайды. Дәрісін беріп, екпесін салып, 20-25 минут бақылауға алғаннан кейін, шынымен де, ауруымның беті қайтады. «Жедел жәрдемдегі» диспетчер қыздарыма да алғысым шексіз. Менің соңғы жылдары науқасымның ауырлап кеткенін жақсы түсініп, «Жедел жәрдем» көлігін тез арада жіберуге тырысады.

Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме?! Сондықтан сүйікті «Кең Жылой» газетім арқылы «Жедел жәрдем» бөлімшесіндегі ақ халатты абзал жандарға аналық алғысымды арнаймын. Ақ халаттарыңды кір шалмай, халықтың алғысын арқалап жүре беріңіздер! Еңбектеріңізге жеміс, толағай табыс тілеймін. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Бақтықыз Такейқызы, Құлсары қаласы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика