Жалған вакцина жарға жығады

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӨЗ ЖОЛДАУЫНДА: «ҚАЗАҚСТАН – КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ЖАСАП ШЫҒАРҒАН ӘЛЕМДЕГІ САНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БІРІ. БІЗДІҢ ВАКЦИНАМЫЗДЫҢ ТИІМДІ ӘРІ ҚАУІПСІЗ ЕКЕНІНЕ ЕШ КҮМӘН ЖОҚ. ҚАЗІР QAZVAC-ҚА ӨЗГЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ДЕ СҰРАНЫС БІЛДІРУДЕ. ЕЛІМІЗДЕ ВАКЦИНА ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ, АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ ТАҢДАУ МҮМКІНДІГІ БАР.


Көптеген мемлекеттердің бұған қолы жетпей отыр. Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде.Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда. Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс. Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн» - деп ескертсе де, қоғамда әлі де сол алып-қашпа әңгімеге еріп, жалған вакцина салдырып жүрген жандар аз емес. Қазір елімізде ондайға жол берген мамандар да тиісті жауапкершілікке тартылуда.
Бұл жерде бәрінен де бұрын қатты зардап шегетін қарапайым халық екені белгілі. Ол жөнінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой былай деген еді: "Сотқа түскен әр іс жеке қаралады. Сот шешімі шыққан бойда бұл жалған төлқұжаттардың барлығы мәліметтер базасынан жойылады. Әр іс бақыланады, біз оны өте мұқият қадағалаймыз. Көп ұйымдардың әр кабинетінде камералар орнатылған. Медициналық ұйымдардың ішкі бақылауы күшейтілді. ...Шынымды айтсам, біз тұрғындарға жалған құжат жасату өзін алдау екенін түсіндіруге тырысамыз. Сіз өз өміріңізге қауіп төндіріп, сізді қорғамайтын қағаз сатып алдыңыз ... Сіз кімді алдайсыз? Жалған құжат сатып алып өз өміріңізді, жақындарыңыз бен отбасыңыздың өміріне қауіп төндіргенше, вакцина алып өміріңізді жеңілдетпейсіз бе? Вакцина аурудың ауыр жағдайын болдырмауға кепілдік береді".
Расында да біз кімді алдап жүрміз? Жалған құжат жасатып, аурудың күшеюіне себеп болғанша, керісінше, екпе қабылдап, оны таратпауға, өз денсаулығымыз бен отбасымызды аман сақтап қалуға күш салмаймыз ба? Ойланайық ағайын!

Меңдібай ХАЙРУЛЛИН, Еңбек ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521