Жаңа аурухана жұмысын бастады

Жылыойлықтардың көкейінде жүрген «Жаңа аурухана қашан ашылады?» деген сауалдың өткен аптада жауабы табылғандай. Кезінде «Теңізшевройл» компаниясының демеушілігімен салынып, өткен жылдың аяғында ресми түрде ашылу рәсімі өтсе де, кешенді емдеу ғимараты көптен бос тұр еді. Ақыры, міне, тамызда іс жүзінде пайдалануға берілді.

Бүгінде Сұлтанбек Қожанов көшесінде орналасқан №12 ғимарат аудандық орталық аурухана ретінде өз науқастарын түрлі бөлімшелер арқылы қабылдауға дайын. Атап айтсақ, онда балалар бөлімшесі, кардиология, неврология, терапиялық бөлімше, реабилитация және кардиология, реабилитация және неврология, инсульттік бөлімше, ересектер мен балалар хирургиясы, ересектер және балалар травматологиясы бөлімі, жүкті және босанған әйелдерге арналған бөлімше, жүктілер патологиясы, гинекология бөлімшелері бар. Сондай-ақ жаңа туған сәбилер потологиясы мен ересектер және балалар жұқпалы аурулар бөлімшесі де науқастарды қабылдауға кірісіп кетті.

Қазір аудандық орталық аурухана халыққа қалтқысыз қызмет көрсету мақсатында өз жұмысын жүйелі жүргізіп жатыр.

П.ҚИЗАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT