Сүйген мамандығын игеруге құлай беріліп, сол жолда тыңғылықты оқып-тоқып, қалтқысыз қызмет жасаған жастарға қашанда қуана қол соғып, қолдау-қамқорлық білдірген абзал.
Осы ретте «Емдеу ісі» бойынша орта арнаулы оқу орнын тәмамдаған Ақбота Жұмабаева аудандық емханаға «Мансап» орталығы арқылы қоғамдық қызметкер ретінде жұмысқа орналасып, физиокабинеттегі мейірбикелік міндетін абыроймен атқаруда.
Сырқаттарды аялы алақанымен әлдилеп, жүрек жылуымен баураған Ақботаға алғыс айтушылар легі мол.
Еңбегің жана берсін, жас маман!
Қ.РЫСЖАНТЕГІ
Суретте: Ақбота Жұмабаева