Вакцинация – «Жылыой Адалдық алаңының» бақылауында

ken-zhyloi.kz

Аудандық емханадаға короновирусқа қарсы екпе салу кабинетінде болып қайттық.

- Аудандық емханада аталған екпені салдыруға және оны қабылдаған адамның жағдайын бақылауға арналған үш кабинет бөлініп, жауапты дәрігерлер бекітілген. Бірінші кабинетте дәрігер вакцинаға келген адамды тексеріп шығады. Ал екіншісі — екпе салынатын кабинет. Үшінші кабинетте екпе алып болған адам 30 минут дәрігердің бақылауында болады. Мамандар қан қысымын, дене қызуын өлшеп бақылауға алады.

Екпе салуға жылжымалы мобильді топ ұйымдастырылды, кәсіпорындар алдын ала тапсырыс берсе, сол жерден екпе салу мүмкіндігі бар,- дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрбек Үкібаев.

Ауданда вакцинациялау барысы қалыпты деңгейде жүргізілуде.

Қуаныш Аязбаев,

«Жылыой Адалдық алаңының» жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521