Вакцина - індетпен күрестің ең тиімді жолы

ken-zhyloi.kz

Құрметті жылыойлықтар!

Баршаңызға белгілі ауданымызда коронавирус инфекциясы кеңінен таралуда. Әкімдік қызметкерлері өз кезегінде жұмыстан тыс уақыттарда санитарлық талаптардың сақталуына мүмкіндігінше бақылау жүргізуде. Қанша жерден бақылау жасалса да кейбір азаматтарымыз жауапкершілікті әлі күнге дейін сезінбеуде. Осы орайда, Сіздерден өзіңіздің және өзгенің денсаулығына немқұрайлық танытпауды сұраймын.

Сонымен қатар, барша тұрғындардан жеке гигиенаны және мейлінше сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамын. Қандайда бір індетті, вирусты түбегейлі жою заманымызда болмаған болар, алайда сол індетпен күресу жолдары өз шешімін тауып, қазіргі уақытта әртүрлі қауіпті ауруларға қарсы дәрі-дәрмектерді, екпелерді алып емделіп жүрміз.

Сондай-ақ өздеріңізге белгілі ауданымызда коронавирус инфекциясына қарсы ерікті түрде екпе салу жұмыстары жүргізілуде. Осы бір індетке қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін өзінің және өзгенің денсаулығына алаңдаған тұрғындар жанұяларымен бірге екпе салдыртуда. Халықпен тығыз байланыс жасайтын мекемелер қызметкерлері де өз кезегінде екпе алуда. Осыған байланысты, барша азаматтарымызды коронавирус инфекциясына қарсы екпені ерікті түрде салдыртуға шақырамын.

2020 жылы шілде, маусым айларында осы індеттің кесірінен қаншама жанымызға жақын туыстарымыз дүниеден өтті, сол бір кезді еске алсақ көзімізге еріксіз жас келеді, себебі болған жағдайлардың барлығын өз көзіммен көрдім.

Қазіргі таңда Атырау облыстық инфекциялық ауруханасында бірнеше адам өкпені жеделдету аппараты арқылы тыныс алуда.

Г.Айшуақова,

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521