ken-zhyloi.kz
Вакцина емдемейді, бірақ вакцинация аурудың алдыналады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, профессор Ләззат Ералиева хабарлады.
«Вакцина дәрі емес, ол жұқпалы ауруларды емдемейді. Бірақ тарих көрсеткендей, вакцинацияның арқасында әлем бірқатар қауіпті және ауыр инфекциялардан арылды. Бүгінде Covid-19 вакцинациясы төңірегінде аңыз әңгеме көп, сондықтан сенімді ақпарат көздерін ғана оқып және халықаралық, отандық сарапшылардың пікірін тыңдауға шақырамын», - деді Л.Ералиева.
Сарапшы КВИ вакцинасы, басқа вакциналар сияқты, иммунобиологиялық препарат және қолданған кезде оның қарсы көрсетілімдері, ықтимал кері реакциялар және оны қою шарттары бар екенін ескертті.
«Вакцина адам ағзасында антидене бөледі, иммунологиялық реакция пайда болады, ол әркімде әртүрлі жолмен жүруі мүмкін. Жағымсыз реакцияларды бірден айта алмаймыз, алдымен қалыпты әсері мен иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністерді ажырату қажет», - деді Л.Ералиева.
Оның айтуынша, көп жағдайда вакцинациядан кейін адам ештеңе сезбейді. Вакцина енгізілгенде аздап температура көтеріледі жәнеекпе салынған жер қызарып, ісінуі мүмкін. Бұл қалыпты реакция. Иммунизациядан кейін жағымсыз құбылыстар болуы мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі. Мәселен, жоғары температура мен аллергиялық көріністер пайда болған кезде ағза гипер-реакция береді. Егер вакцина ауыр немесе созылмалы ауруы бар науқас адамға жасалса немесе вакцинацияланған адам вакцина алғаннан кейін белгілі бір режимді сақтамаса гипереакция болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі