Уақыты өткен тамақ - уланудың жолы

Тамақтан уланудың көптеген себептері бар.

Сондықтан азық-түліктерді сатып алғанда, сақтаған кезде және дайындағанда алдын алу шараларын орындау қажет.

Тамақтан улану жылы мезгілдерде көбейеді. Жазда азық-түлік өнімдерінің ластануының үлкен қаупі бар, себебі шыбын-шіркейлер көбейеді. Осы кезде біз көп уақытымызды далада өткіземіз. Тамақтан улану пайда болуы жағынан бактериялы және бактериялы емес (химиялық) улану болып екі топқа бөлінеді. Уланудың алғашқы белгілері тез тамақ ішкеннен кейін бірнеше сағат өткесін білінеді. Бірнеше күннен кейін білінуі сирек кездеседі.

Тамақтан уланудың сипаттары: жүрек айну, құсу, бас ауруы, іш өтуі және асқазан ауруы. Азық-түлікті сатып алудан бастап, оны қолдануға дейінгі алдын алу шаралары тамақтан улануды біршама деңгейде болдырмауға көмектеседі. Азық-түлікті қолдан сатып алсаңыз да, сатушы оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан азық-түлік өнімдерін сатып алғанда назар аударыңыз: бүлінген қаптамадағы азық-түліктер, соғылған көкөністер мен жемістер, жарылған жұмыртқалар тез бүлінеді. Сонымен қатар азық-түліктің қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзіміне қараңыз. Сапасына (дәміне, иісіне және сыртқы қалпына) назар аударыңыз. Тамақтан улануды болдырмаудың бірнеше қарапайым ғана жолдары бар. Тамақ ішерде қолды жуу, тамақ дайындар алдында және тамақ ішкен соң қолды жуу, азық-түлікті дұрыс сақтау, көкөніс, жеміс-жидектерді қолданар алдында жуу. Егер сіз азық-түлік сапасына күмәнді болсаңыз, тамақты сатып алудан бас тартыңыз .

Ж.ТӨЛЕУІШОВА,

Жылыой аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521