Тыныс жолдарын зақымдайтын ауру

ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) – тыныс алу ағзаларының вирустар және бактериялармен қабынулық зақымдануы. Күнделікті өмірде ЖРВИ-ді салқын тию немесе тұмау деп атайды. ЖРВИ жылдың суық мезгілінде әртүрлі вирустар: грипп, парагрипп, аденовирустар, респираторлық-синцитиальді вирустар, риновирустар, коронавирустар, т.б әсерінен дамиды. 

Ол көбіне күз-қыс айларында жиі таралады. ЖРВИ ауа-тамшы, ауа-шаң, тұрмыстық (үйде қолданылатын тұрмыстық заттар арқылы), алиментарлы жолдар (тамақ, ішетін су) арқылы беріледі.

Аурудың бастапқы кезеңінде вирус тыныс жолдарының кіреберіс қақпағында дамиды, яғни мұрында, жұтқыншақ және көмейде, төменгі тыныс алу жолдары – бронх, өкпеде дамиды. Ол мынадай симптомдармен көрінеді: әлсіздік, қалтырау, буын және бұлшық етте ауру сезімі, бас ауру, жөтел, тамақта ауру сезімі, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қырылдауы, дене қызуының көтерілуі, терлегіштік, кейде құсу.

Алғашқы көмек:

Аурудың алғашқы күндері төсектік режим, жанындағы адамдарға жұқтырмау мақсатында бетперде тағу ұсынылады. Көп мөлшерде сұйықтық ішу, дәрумендерге бай, нәрлі тамақ ұсынылады.

Алдын алу шаралары: қолды жиі сабындап жуу, антисептик қолдану, жабық, адам көп жиналатын орындарда медициналық маска тағу, иммунитетті нығайту (дұрыс тамақтану, дәрумен қабылдау, спортпен шұғылдану), тұмауға қарсы екпе алу, бөлмені желдетіп, ылғалды тазалық жасау.

Тұмау жеңіл көрінгенімен, асқынған жағдайда қауіпті ауруларға әкелуі мүмкін. Сондықтан алдын алу шараларын сақтау, уақытылы екпе алу және аурудың алғашқы белгілері байқалғанда дәрігерге қаралу өте маңызды.

Құндыз Пазылова,

аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT