Тұмауға қайтсек тұзақ құрамыз?

Күн суыта бастады. Сондықтан салқын тиіп, тұмауратып қалуыңыз әбден мүмкін. Демек, бұл – әр адамның өз денсаулығына ерекше мән беретін уақыты. Ал жыл сайын елімізде тұмауға қарсы екпе жүреді. Осы үрдіспен аудандық емханада да тұрғындарға екпе салу жұмыстары басталып кетті.

Осылайша адамдардың маусымдық ауруға иммунитет қалыптастырып үлгеруіне мүмкіндік берілуде.

Ағзаның штаммына және иммундық реакциясына байланысты ауру оңай өтуі мүмкін немесе ауыр асқынулар болуы ықтимал. Қазіргі таңда аудандағы дәрігерлер мен фельдшерлерден бастап техникалық және әкімшілік кызметкерлерге дейін барлық санаттағы мамандарға тұмауға қарсы вакцина салынуда.

Айта кеткен жөн, бұл екпені қалауы бойынша кез келген аудан тұрғыны ала алады.

П.ТҮРКЕНБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT