Теңіз кен орнында COVID-19 ауруының күрт өсуі байқалады

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 538 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 322 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 101 науқас анықталды. Ал, 39 - Жылыой ауданында, 20 - Индер ауданында, 11 - Исатай ауданында, 18 - Қызылқоға ауданында, 13 - Құрманғазы ауданында, 10 - Мақат ауданында, 4 науқас - Махамбет ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 294 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 240 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 66 адам емделді.

Қазір 2468 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 39, модульдік ауруханада - 170, фтизиопульманологиялық орталықта - 20 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 45. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 456 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521