Теңізде тағы коронавирус жұқтырғандар анықталды

Теңіз кенішінің тағы бес жұмысшысы Covid-19 инфекциясына шалдықты ​

Атырауда​ Covid-19 инфекциясына шалдыққандар саны 104 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдайды қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.

Қауіпті індет табылғандар 1966, 1968, 1984, 1993 және 1995 жылы туған ер адамдар.​ ​ Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін​ жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.​

​ Ал, алтыншы науқас 1997 жылғы қыз бала. Ол бұған дейінгі Атырау-Амстердам ​ рейсіндегі жолаушылармен байланыста болған.​ ​

Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады.​ ​

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлік қатаң бақылауға алынды.​ ​

Ауру ошақтарында дезинфекция жасалуда.

​ ​ 25 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында​ 104 адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521