Атырау облысында Covid-19 инфекциясының тағы 142 жағдайы тіркелді
Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 769 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.
Штаб ақпаратына сәйкес, індет жұқтырғандардың барлығы – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету дайындығынан өткен жұмысшылар қатарында. Қазіргі уақытта бекітілген алгоритмге сәйкес, олар инфекциялық стационарға жатқызылды.
Осылайша, Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 769 адамға жетті. Оның ішінде 689 адам – Теңіз кен орнындағы жұмысшылар.
Қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны – 174.