Теңіз кенішінің тағы 17 жұмысшысы коронавирус инфекциясын жұқтырды

Қауіпті дертке шалдыққандар – кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар.

Олардың арасындағы ең кішісі 21 жаста, деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандар – кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар. Атап айтқанда, науқастар – 1997, 1999, 1961, 1989, 1986, 1994, 1970, 1991. 1982, 1990, 1988, 1989, 1968, 1984, 1982, 1989, 1989 жылғы 17 ер адам.

Covid-ке алынған тесттен оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға жатқызылады және хаттамаға сәйкес тиісті ем алады. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 474 адамға жетті. Ал, аталмыш індеттен сауығып шыққандар саны – 130.

Атырау облысындағы Төтенше жағдайды

қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521