Теңіз кенішінің алты жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

Қазіргі уақытта олардың жағдайы қалыпты

Өңірде Covid-19 індетінен айыққандар саны 180 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Атырау облысында тағы алты адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың барлығы – Теңіз кен орнының жұмысшылары. Атап айтқанда, 40, 21, 39, 27, 28 жастағы бес ер адам мен 46 жастағы әйел.

– Қазіргі уақытта олардың жағдайы қалыпты, өздерін жақсы сезінеді. Коронавирустың бар жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс көрсеткіш көрсетті, – дейді Жедел штаб.

Осылайша, Атырау облысында коронавирустан сауығып шыққандар саны 180 адамға жетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521